• Мобильді үстемені жүктеу

2018 жылы ИИДМБ аясында 1 трлн. теңгеден артық сомаға 150 жаңа жоба енгізіледі деп жоспарлануда

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі отырысы барысында инвестициялар және даму министрі мәлімдеді.

«Бағдарламаны табысты түрде жүзеге асыру 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2015 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға өңдеу өнеркәсібінің көрсеткішін арттыруға көмегін тигізді. Өсім негізінен металлургия (+13%), тамақ өнеркәсібі (+8,5%), мұнайды қайта өңдеу (+5,1%), химиялық өнеркәсіп (+4,7%) және фармацевтика (+47,2%) өндірісін арттыру есебінен қамтамасыз етілді», - деп айтып өтті  Женис Касымбек.

Министрдің ақпараты бойынша өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2015 жылға қарай 10,5%-ға артты және 15,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

2017 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша еңбек өнімділігі  (2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) 1,9%-ға артып, 22,3 мың АҚШ долларын/адамды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 8,8%-ға артып, 981,6 млрд. теңгені құрады.
 

Небәрі 3 жылдың ішінде (2015-2017) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңгеден артық сомаға 378 жоба енгізіліп, 30 мың тұрақты жұмыс орны берілді.

«2017 жылы 10 мың тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ете отырып, 1,5 трлн. теңгеге 120 жоба енгізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы құны 51,5 млрд. теңгеге «Проммашкомплект» ЖШС (Павлодарская обл.) темір жол бағытындағы доңғалақ өндірісі бойынша кешен, құны 27,7 млрд. теңгеге «ЭйжаСтилПайпКорпорейшн» ЖШС (Алматы қ.) үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар өндірісі бойынша зауыт тәрізді индустриялық жобалар енгізілетін болады», - деп министр алдағы жоспарлар жөнінде айтып өтті.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың аяғына дейін 15 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 1 трлн. теңгеден артық сомаға 150 жаңа жоба енгізіледі деп жоспарлануда.

http://mid.gov.kz/ru/news/v-2018-godu-v-ramkah-gpiir-planiruetsya-vvesti-150-novyh-proektov-na-summu-bolee-1-trln-tenge