• Мобильді үстемені жүктеу

Қытайлық YTOGroupCorporation Қазақстанға инвестиция жұмсауға ниетті

Ауыл шаруашылық және жол техникасын шығаратын қытайлық компания Қазақстанға инвестиция жұмсауға ниетті.

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері YTOGroupCorporation басшылығымен кездесіп, серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.

Компания әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі күні олар қазақстандық нарықты зерттеп, техника құрастыру бойынша зауыт салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Компания жетекшісінің орынбасары Ван Кэцзунь сөзіне сәйкес, бұл жобаны сәтті іске асыру жағдайында, жылына шамамен 10 мың дана өнім құрастырылатын болады.

Ван Кэцзун, компания жетекшісінің орынбасары:

- Біз Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау үшін бірнеше жұмыс тобын жолдадық. Нәтижесінде Қазақстан –ауыл шаруашылық саласындағы нарығы кең және инфрақұрылымы дамыған ел деген қорытындыға келдік. Біз өндіруді жоспарлайтын техника Қазақстанның климаттың және географиялық жағдайларына сай келетін болады. Жоба сондай-ақ сервистік және сауда орталықтарын салуды қарастырады. Солайша, біз Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өз үлесімізді қоспақпыз.

http://24.kz/ru/news/economyc/item/223932-kitajskaya-yto-group-corporation-namerena-investirovat-v-kazakhstan