• Мобильді үстемені жүктеу

Бір қатар түрік компаниялары Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға кіріседі

«KazakhInvest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев 23-24 ақпан күндері жұмыс сапарымен Түрік Республикасына барды, онда алты ірі түрік компаниялары «KOÇ Holding», «YILDIZLARSSSHolding», «YILDIRIMHolding», «KİBARHolding», «SABANCIHolding», «DALHoldingInvestment» өкілдерімен кездесті.

«KazakhInvest» тарапынан түрік бизнесмендеріне ҚР үшін басым экономика саласындағы 47 ірі инвест жоба ұсынылды.

Бұл холдингтер жалпы жылдық айналымы шамамен 150 млрд. АҚШ долларын құрайтын ірі ұлтаралық компаниялар болып табылады. Түрік бизнесмендері ЕАЭО пен ҚХР елдеріне өз өндірістік қуаттылықтары мен өткізу нарықтарын кеңейту үшін еліміздің стратегиялық орнын атап өтіп, Қазақстан аумағында инвестжобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді. 

Мысалы, «KOÇ Holding» холдингімен Қызылорда облысында қызанақ және консервіленген өнімді өндіру туралы келісімге қол жеткізілді. Компания сондай-ақ сұйылтылған мұнай газын өндіру бойынша жобаға қатысуға қызығушылық білдірді. 

«YILDIRIMHolding» 10 млн. АҚШ доллары сомасына «Қазгеология» АҚ бірге қатты пайдалы қазбаларды барлау, сонымен қатар, Жамбыл облысында кальцийленген соданы өндіру бойынша жобаларды іске асыруға кіріседі, инвестициялар сомасы 220 млн. АҚШ долл. құрайды. 

«YildizlarSSSHolding» уағдаластық бойынша бірінші жарты жылдықта үш жобаны іске асыруды бастайды: «Байқоңыр» ӘКК» бірлесіп 50 млн. АҚШ долларына қуаттылығы 138 мегаватт газ-поршенді электр станциясын салу, Қызылорда облысында 128 млн. АҚШ долларына қуаттылығы 10 млн. ш. м. керамикалық тақташа өндіру, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында инвестициялар сомасы 10 млн. АҚШ долл. құрайтын, қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасы. 

«KIBARHolding» Маңғыстау облысында сэндвич-панельдерді өндіру бойынша жобаға қатысу шешімін қабылдады.

«Dalholding» Жамбыл облысында барит кеніштері мен концентраттарын өндіру мен өңдеу жобасына қатысуға шешім қабылдады.

Сондай-ақ, бұл күндері ҚР Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен Анкара қаласында Өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлердің Тәуелсіз Түрік қауымдастығының (MUSIAD) мүшелерімен инвестициялық форум өтті. Бұл ұйымның Түркия ішінде және шетелде тарамдалған іскерлік желісі бар, мүшелерінің жалпы саны 11 мыңнан астам.

Форумда «KazakhInvest» тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларға арналған артықшылықтар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды.

MUSIAD жетекшісі Илхан Ердал түрік бизнесі Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатуға мүдделі екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстанға тамақ өнеркәсібіндегі нарықты зерттеу мен іскерлік серіктестермен кездесу үшін 15 ірі компанияның өкілдері жіберілетіні туралы келісімге қол жеткізілді.  

http://invest.gov.kz/ru/news/ryad_turetskii_kompanii_pristupaut_k_realizatsii_investitsionnih_proektov_na_territorii_kazahstana