• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKH INVEST» және Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру жайлы келісті

Бүгін Алматы қаласында «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі басшысының орынбасары Катарина Кох арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында С.Тұяқбаев «Kazakh Invest» ағымдағы қызметі, Қазақстандағы шетелдік инвесторлармен жұмыста «бір терезе» принципін енгізу, сонымен қатар шетелдік кәсіпкерлерге ұсынылатын инвестициялық преференциялар туралы айтып берді. 

«Біз Германияны Қазақстанға инвестиция салуға арналған үлкен әлеуеті бар басымдықты ел ретінде қарастырамыз. Неміс бизнесі өте икемді, жоғары технологиялы, жаһандық нарықта айтарлықтай өзінің орны бар. Және сондықтан, «Kazakh Invest» неміс бизнесмендерінің инвестициялық жобаларын қолдауға дайын», - деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев. 

Өз кезегінде, Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі басшысының орынбасары Катарина Кох Германияның Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының тереңдеуіне мүдделі екендігін атап өтті.

«Біздің ұйымға Қазақстанда инвестиция салуға арналған әлеуетті жобаларды іздейтін, неміс бизнесмендерінен сұраныстар түсіп отырады. Біз мұндай қызығушылықтың болуына қуаныштымыз және «KazakhInvest» көмегімен барлық ұйымдастырушылық сұрақтар, оның ішінде миграциялық сипаттағы мәселелер шешілетін болады деп сенеміз», - деп хабарлады Кох.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар неміс бизнесмендерінің қатысуымен бірлескен инвестициялық шаралар өткізу жайында келісті. 

Анықтама: Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі – 90 артық елдің 130 қаласында ұсынылған, Германияның сыртқы сауда палаталарының (ГССП) жаһандық желісінің бір бөлігі. ГССП – Германия Федеративті Республикасының тапсырмасы бойынша әрекет ететін, Германияның сыртқы экономикалық қызметін дамытудың орталық өкілдері. Бұл орган кәсіпорындарды ақпараттандырумен, Германиямен ынтымақтастыққа тарта отырып, Германияның экономикалық мүдделерін білдіреді. Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындарға ГФР-мен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

http://invest.gov.kz/ru/news/kazakh_invest_i_predstavitelstvo_germanskoi_ekonomiki_v_tsentralnoi_azii_dogovorilis_ob_aktivizatsii_investsotrudnichestva_mezhdu_stranami