• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан Президенті елдегі инвестклиматты жақсартудың маңыздылығын атап өтті

Қазақстандағы инвестклиматты жақсарту Төртінші өнеркәсіптік революцияның маңызды шарты болып табылады, деп атап өтті Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында. 

Жолдау мәтінінде: «Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады. Бұл – жұмысын бастаған "Астана" халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі. Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс», - делінген. 

Қазақстан Президенті сондай-ақ «Смарт Сити» тұжырымдамасы негізінде қала ортасын басқаруды енгізу және қалаға қоныстанатын адамдардың құзыреттілігін дамыту қажеттілігін атап өтті. 

«Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталонды" стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек», - деп атап өтті мемлекет Басшысы.

Құжатта 2018 жылы "цифрлық дәуір" өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу басталатыны айтылған.

Жолдау мәтінімен akorda.kz ресми сайтында танысуға болады.  

 

http://invest.gov.kz/ru/news/prezident_kazahstana_otmetil_vazhnost_uluchsheniya_investklimata_v_strane