• Мобильді үстемені жүктеу

Астанада шетел инвесторларын марапаттаудың жыл сайынғы рәсімі өтті

Бүгін «KazakhInvest» ҰК бірге Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен HiltonAstana қонақ үйінде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет үшін инвесторларды марапаттаудың төртінші жыл сайынғы рәсімі өтті.

Шетел инвесторларын марапаттаудың салтанатты рәсімін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ашты. Сондай-ақ, шараға инвесторлар, шетел дипломатиялық өкілдіктерінің, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдар жетекшілері қатысты.

Вице-министр Ерлан Хаиров атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздіктің алғаш жылдарынан бастап шетел инвесторлары үшін жағымды жағдай жасау арқылы экономикалық өсуе үміт артты. 

«Соңғы 12 жылда инвестициялық климатты жақсарту бойынша біздің мемлекетпен жүргізілген жұмыстың арқасында, Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар түсімі $250 миллиардтан артық құрады», — деді Е. Хаиров.

Бүгін экономиканың агроөнеркәсіптік кешен, өңдеу өнеркәсібі, логистикалық инфрақұрылым, тау-кен-металлургиялық кешен және фармацевтикалық сала тәрізді секторларындағы бес компания марапатталғанын атап кеткен жөн.

Үздік шетел инвесторлары аталғандар:

- АӨК дамытудағы инвестициялық белсенділік үшін тағам өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіретін кипрлік «МаревенФудТянь-шань» компаниясы марапатталды;

- өңдеу өнеркәсібін дамытудағы инвестициялық белсенділік үшін болат өнімін өндіретін жапон TokyoRopeAlmaty компаниясы марапатталды;

- логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы инвестициялық белсенділік үшін «Хоргос – Шығыс қақпа» ЕЭА аумағында құрғақ порт құрылысында қызмет ететін қытайлық CoscoShipping компаниясы марапатталды;

- тау-кен-металлургиялық кешенді дамытудағы инвестициялық белсенділік үшін қосындыланған болат өндіретін ресейлік Giessenhaus компаниясы марапатталды;

- фармацевтикалық саланы дамытудағы инвестициялық белсенділік үшін қатты пішінді дәрі өндіретін польшалық «Химфарм» Polpharma компаниясы марапатталды.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/v_astane_proshla_ezhegodnaya_tseremoniya_nagrazhdeniya_inostrannih_investorov