• Мобильді үстемені жүктеу

«Цифрлық Қазақстан» - жаңа және ел үшін маңызды бағдарлама

2025 жылға дейін 2 трлн. теңгеден артық экономикалық әсер Қазақстанда жаппай цифрландыру есебінен күтілуде.

Технологиялық жаңарту біздің елге бәсекеге қабілеттілік пен 30 дамыған елдер қатарына кіріге кепілдік береді. Барлық жобалар драйвері ретінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізу қызмет етеді. 

Зарина Бейсембина, хатшы:

- Астанада өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында Президент «Цифрлық Қазақстан» - жаңа және ел үшін өте маңызды бағдарлама екенін атап өтті. Сондықтан Үкіметке оның мәнін әрбір тұрғынға жеткізу, қандай да бір цифрлық жобалардың қандай пайда әкеле алатынын нақты мысалдарда түсіндіру болып табылады. Цифрландырудан ең үлкен әсерді көлік және логистика алатыны күтілуде – 2025 жылға дейін 400 млрд. теңгеден артық. Одан басқа, жаңа әзірлемелер есебінен өнімділік жоғарылайды. Нәтижесінде АӨК 40 млрд. теңгеден артық табыс түсіреді. АД IT-сектордағы инвестициялар 60 млрд теңгеден артық алуға мүмкіндік береді. Олар стартаптарды қолдау және «Астана-хаб» халықаралық технопаркін құру арқылы тартылады. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев:

- Инновациялық экожүйе құру – жаңа стартаптар құруға мүмкіндік беретін драйвер, ол үшін салық артықшылықтары шамаланады. Біз IT  саласындағы стартаптар өсімін ЭКСПО аумағында қамтамасыз ете алатынымзға үміттенеміз. Осы жобаларға белсенді көмек көрсетуге және осы жобалар бойынша белсенді қызметке шақырамын.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ең алдымен, қосылған құн және өндірістегі шығындарды қысқарту есебінен пайдалы. Сарапшылардың айтуы бойынша, ол 2025 жылы ЖІӨ 5% дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы көптеген зауыттар мен фабрикалар Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге дайын екенін атап кетейік. Қазақстандық кәсіпорындардың жаңа цифрлық мүмкіндіктері Астанадағы форумда таныстырылды. Сарапшылар заманауи технологияларды өндірісте неге және қалай өндіру қажет екенін айтты.

Анвар Садыков, «Виртуалды қойма» жобасының атқарушы директоры:

- Біздің стенд виртуалды қойма жобасына арналған, ол тауардың елге импортталуынан бастап, сатылуына дейін мониторинг жүрігу үшін қарастырылған. Солайша, мемлекет те мемлекеттік сатып алу үдерістерін жеңілдете алады және қатардағы салық төлеушілер алып-сатарлар тізбегінсіз, тауарды импорттаушылардан ала алады. Жүйе тегін, тіркелу үшін тек ЭЦҚ қажет.  

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың әлемдік рейтингінде Қазақстан 30 дамыған ел қатарына 2022 жылы кіруді жоспарлауда. Ол үшін жуырдағы 5 жыл ішінде кең жолақты интернетке қолжетімділік жаппай болады. Одан басқа, негізгі салаларды цифрландыру және экономиканың жаңа мүмкіндіктерін дамыту 300 мың жұмыс орнын құрады. Осыған байланысты елге жаңа форматтағы және ойлау өрісі өзгеше мамандар қажет болады. Ол үшін 2022 жылы Қазақстанның ЖОО 115 мың кәсіби кадрды даярлауды жоспарлауда. 

 Авторлар: Зарина Бейсембина, Наурыз Базаров

http://24.kz/ru/news/economyc/item/209927-tsifrovoj-kazakhstan-novaya-i-vazhnaya-dlya-strany-programma