• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстандықтарға Арменияның еркін сауда аумағына инвестиция жұмсау ұсынылды

Қазақстандық инвесторлар Арменияның еркін сауда аумақтарында жұмыс істей алады. Ол туралы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшісі Тимур Оразаев Астанадағы брифинг барысында хабарлады, деп жеткізеді "Қазақпарат" ХАО.

Елші Иран мен Армения еркін сауда-саттықтың бірыңғай аумағын құру жобасын қарастыруда және бұл жағдайда Армения Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен тауар алмасуы үшін "көпірге" айнала алатынын әңгімеледі.

«Оның ішінде, Арменияның Сюник облысында Иранның солтүстігіндегі ұқсас экономикалық аумақпен шекаралас еркін экономикалық аумақ құрылды және ол өздерінің арасында бажсыз сауда жасауға мүмкіндік беретін аумақтар ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттер тарапынан инвестиция жұмсау мүмкіндігі де. Қазақстандық инвесторлар да Сюник экономикалық аумағында жұмыс істеуге шақырылған», — деді Тимур Оразаев.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда өңдеу кәсіпорны, құрылыс, сауда, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жұмыс істейтін, Армениялық инвесторлардың қатысуымен 80 бастап 140 дейін кәсіпорын әрекет ететінін атап өтті.

«Өз кезегінде Армения аумағында Қазақстанмен бірлескен 40 жуық кәсіпорын әрекет етеді, олар сондай-ақ шағын бизнес садасында әрекет етеді», — деп атап өтті Тимур Оразаев.

https://m.kapital.kz/economic/64948/kazahstancam-predlozhili-investirovat-v-zonu-svobodnoj-torgovli-armenii.html