• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан Түркиямен іскерлік серіктестікті өсіруде

Қазақстан мата өндірісі саласында Түркиямен іскерлік серіктестікті өсіруде. Осы мақсатта  "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының топ-менеджерлері Ыстанбұлдың сауда палатасына барып, жеңіл өнеркәсіптің отыз ірі компанияларымен В2В форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақстандық жақ инвестициялық климат жайлы айтып, кәсіпкерлерді әрекет етуші жеңілдіктермен таныстырды. Мысалы, арнайы экономикалық аймақта кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығынан, мүлікке, жерге салынатын салықтан және қосылған құн салығынан босатылады. Сарапшылардың айтуынша, бұл жеңілдіктер инвесторлар үшін тартымды болып келеді. Бүгінде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында 10 фабрика қызмет етеді. 2018 жылдың соңына қарай отандық және шетелдік капиталдардың қатысуымен 17 жаңа өндіріс ашу жоспарлануда. Олардың 4 пайдалануға осы жылдың соңына қарай енгізу жобаланған. Кездесуде қазақстандық делегация түрік инвесторларын мақта өңдеу саласында, тоқыма және тігін өнеркәсібінде қызметтесуге шақырды. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы Медеу Ділдабаев: - Бүгінгі күні сапар мақсаты - түрік инвесторларын тарту болып табылады, себебі барлығымыз білетіндей, Түркия тоқыма өнімдерді өндіру бойынша жетекшілік орында. Біздің қызығушылығымыз - тәжірибе алмасуда және инвестиция жұмсау, тоқыма саласын дамытумен айналысатын біздің арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымызбен тәжірибе алмасу үшін өзімізге ресми сапармен шақыруда.
 

http://24.kz/ru/news/economyc/item/207652-kazakhstan-narashchivaet-delovoe-partnerstvo-s-turtsiej