• Мобильді үстемені жүктеу

Неміс бизнесмендері қазақстан аумағында инвестициялық қызметті кеңейтуге ниет білдірді

13 – 16 қараша аралығында Германияда Қазақстан экономикасының апталығы өтіп жатыр. Іс-шара германия экономикасының Шығыс комитетінің  төрағасы Вольфганга Бюхеленің осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған бірінші іс-сапарының қарсаңында ұйымдастырылуда.

Қазақстан экономикасы апталығы аясында Германияның іскерлік топтарының өкілдерімен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде дөңгелек үстел болып өтті. Қазақстандық делегация Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың басшылығымен Қазақстандағы инвестициялық ахуал жайында, транзиттік-көлік секторындағы бірлескен жобалар, жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына неміс компанияларының қатысу мүмкіншіліктері туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Үшінші өнеркәсіптік революция және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде неміс технологияларын трансферттеу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде неміс бизнесмендері өздерінің алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Европа елдері бойынша «BASF» компаниясының президенті Маркус Крамер компанияның Қазақстан аумағында инвестициялық қызметтің кеңейтілуі қарастырылған Орталық Азияда бизнесті дамыту жөніндегі Стратегиялық жоспар қабылдағанын хабарлады. Мысал ретінде мұнай-газ саласында техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін катализаторларды өндіру жөніндегі жоба айтылды.

«BilfingerSE» концернінің Басқарма төрағасы Том Блейдс алдыңғы қатарлы неміс технологияларын пайдалана отырып, индустрияландыру шеңберінде компанияның Қазақстандық өндірістік объектілерді модернизациялау жөніндегі жобаларға, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасы мен ҚР инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Осы мақсатта компания басшылығы ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге ниет білдірді.

«Thyssen-Krupp» компаниясының атқарушы басшысы Клаус Потхофф ҚР және ГФР арасындағы шикізаттық және технологиялық әріптестіктің басымдылықтары туралы хабарлады және бірнеше мысалдар келтірді. Оның көзқарасы бойынша бұл уағдаластық бойынша жобалар жылдам іске асырылмаса да, сапалы және ұзақ мерзімді болып табылады.

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-германиялық іскерлік кеңесінің тең төрағасы, Deutsche Bank Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директор Питер Тильс екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда бірлесіп белсенді түрде іске асырылуы қажет үлкен әрі толықтай ашылмаған әлеуеті бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үшін барлық қажетті жағдайлар - тиімді институциялық база, Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, білікті еңбек күштері бар.

http://mid.gov.kz/ru/news/nemeckie-biznesmeny-namereny-rasshirit-investicionnuyu-deyatelnost-na-territorii-kazahstana