• Мобильді үстемені жүктеу

МИЛАН Қ. ҚАЗАҚСТАН-ИТАЛИЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ өкілдері осы күндері Милан қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Италия инвестициялық бинес-форумына қатысты. Шараға сондай-ақ әр түрлі секторлар мен бизнес салаларындағы компаниялардың тікелей жетекшілерін қоса, Ломбардия аймағының іскерлік топтарының 100 артық өкілі қатысты. Италия тарапынан ұйымдастырушы – AssolombardaConfindustriaMilanoMonzaeBrianza Милан қаласының индустриялық және сервистік компаниялар қауымдастығы.

Қазақстан тарапынан Бәйтерек Холдингі және оның ҚДБ, KPPF Қоры, KazakhExport тәрізді бір қатар еншілес ұйымы қатысты. Форумға экономиканың энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен тәрізді әр түрлі секторларын ұсынатын 70 италиялық компания қатысты. Бұл компаниялар Қазақстан аумағына қызметін кеңейтуге қызығушылық танытуда, сондықтан Бәйтерек Холдингінің және KAZAKHINVEST  ҰК өкілдері көптеген сұрақтарға жауап берді.

Форумда Қазақстан экономикасына инвестиция жұмсаудың өсіп келе жатқан мүмкіндіктері, жағымды инвестициялық климат және елдегі жайлы салық режимі ерекше атап өтілді.

Бизнес-форум барысында KAZAKHINVEST басқарушы директоры Маргарита Капустянская әлеуетті италиялық инвесторларды халықаралық инвестициялар мен бизнес үшін Қазақстанда бар артықшылықтармен таныстырды.

Сөйлеген сөзінде Маргарита Капустянская жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру еліміздің басымдықтары болғанын және болып қалатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ, ДСҰ қоса, бір қатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Қазақстандағы ЖІӨ өсуі осы жылы 2,5% деңгейінде күтілуде, ол айтарлықтай бюджеттік ақша жұмсаудан әсерді және мұнай өндірудің жоғары деңгейін көрсетеді. PWC және Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан 189 елдің арасында салық климатының жағымдылық деңгейі бойынша 18 орында», - деді Маргарита Капустянская.

Бұл сапар аясында энергетика, машина жасау және АӨК саласындағы италиялық трансұллық компаниялар арасында екі жақты кездесулер өтті.

Италия Қазақстанның бұрынғы инвестициялық серіктесі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда италиялық капиталдың қатысуымен 200 артық компания жұмыс істейді. Олардың арасында: Tenaris, Iveco, Oil gas, Eni, Rosetti Marino, Sapemдр.

Екі ел бизнесмендердің «В2В» форматындағы  іскерлік кездесулері нәтижелері бойынша отандық кәсіпкерлер тікелей байланыстар орнатып, италиялық компаниялармен ынтымақтастықты ретке келтірді, сонымен қатар, италиялық әріптестерінің назарына инвестициялық және бизнес-жобаларын ұсынды.

 

http://invest.gov.kz/ru/news/kazahstansko-italyanskiy-investicionnyy-biznes-forum-proshel-v-g-milan/