• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST X Еуразиялық экономикалық форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынды

Бүгін Италияның Верона қаласында, «KazakhInvest» ҰК қатысуымен «Үлкен Еуразия заманауи халықаралық геосаяси және экономикалық мәнмәтіндегі қозғалыс күші ретінде» тақырыбында X Еуразиялық экономикалық форумы жұмысын бастады.

Осы жылы Қазақстан өкілдері Форум жұмысына қатысты. «KazakhInvest» ҰК басқарма төрағасының міндетін орындаушы Біржан Канешев Қазақстан экономикасына инвестиция жұмсау болашағы, сонымен қатар, шетел инвестицияларын тарту мен инвесторларды қолдау бойынша ұлттық компания жұмысы туралы айтты.

«Қазақстан Еуразияның ірі нарықтары арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қазақстанның ЕАЭО мүшелігі көлемі 180 млн тұтынушыдан артық нарыққа шығу үшін инвесторларға қосымша мүмкіндіктер ұсынады», — деді Біржан Канешев.

Б. Канешев елге халықаралық инвестицияларды тартудың орталығына айналған он Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) мүмкіндіктерін ерекше атап өтті. АЭА инвесторларға орталық және аймақтық қолдау, арнайы салық және кедендік режимдер, дайын инфрақұрылым мен шетел қызметкерлерін жұмысқа алудың жеңілдетілген ережелері тәрізді айрықша артықшылықтар ұсынады.

Ағымдағы жылы Х Еуразиялық экономикалық форумына қатысу үшін Грециядан, Франциядан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Латын Америкасынан, Ресейден, Қазақстаннан және басқа елдерден делегаттар келгенін атап кету қажет. Алаң саяси және қоғамдық қайраткерлерді, дипломаттарды, сарапшыларды, «Газпром», «Новатек», DEPA, SACE, Pirelli, TechnipFMC тәрізді ірі компаниялар жетекшілерін және басқаларды жинады. Барлығы мыңнан артық қатысушы.

Форум ашылуына Париждегі Телерадиокомпания бюросының (RAI) жетекшісі Алессандро Кассиери, Верона мэры Федерико Сбоарина, Италияның Министрлер кеңесі төрағасының жанындағы мемлекеттік хатшы Мария Элена Боски, «Газпромбанк» басқарма төрағасы Андрей Акимов, сонымен қатар, «Банк Интеза» директорлар кеңесінің төрағасы Антонио Фаллико қатысты.

Шараның бірінші күнінің аясында «Еуразиялық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» арнайы сессиясына сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық қорының президенті, Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди, «Роснефть» директорлар кеңесінің төрағасы, Германияның бұрынғы канцелі  Герхард Шрёдер, «Роснефть» компаниясының бас атқарушы директоры Игорь Сечин, ENI президенті Эмма Марчегалия, CEFC ChinaEnergy атқарушы директоры Юнг Ли, Glencore International бас атқарушы директоры Айван Глазенберг, Trafigura бас атқарушы директоры Джереми Вейр, Saipem бас атқарушы директоры Стефано Као, Жапонияның экономика, сауды және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хирофуми Катасэ, сонымен қатар, Венесуэланың мұнай және тау-кен өнеркәсібі істері жөніндегі министрі Эулохио Дель Пино де қатысты.

Форумда көтеру жоспарланған негізгі тақырыптар: ЕО және ЕАЭО арасындағы қарым-қатынасты дамыту, Еуразиядағы энергетикалық сала болашағы, халықаралық геосаяси мәнмәтіндегі қаржы ағындары, сонымен қатар, аймақаралық экономикалық ынтымақтастық. Одан басқа, Форум аясында Еуразияның экономикалық дамуы үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін ашуға және инновацияларға арналған панельді сессиялар ұйымдастырылды.

http://invest.gov.kz/ru/news/kazakh-invest-predstavil-investicionnye-vozmozhnosti-kazahstana-na-x-evraziyskom-ekonomicheskom-forume/