• Мобильді үстемені жүктеу

Жақсы жұмыс

ҚР Ұлттық экономика министрі ШҚО инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмысқа жоғары бағасын берді.

Республикалық әкімдер форумының аясында Өскеменде өткен кеңесте ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Шығыс Қазақстанда халықаралық қаржы институттарымен, сонымен бірге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қызметі тиісті деңгейде жүргізілуін атап өтті.

Бүгінгі күні аймақта 160 млрд. теңгеден артық сомаға мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 168 жобасы іске асырудың әр түрлі сатыларында, олар білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, ТҮКШ және көлік инфрақұрылымы тәрізді әр түрлі экономика салаларын қамтиды. 9 келісімге қол қойылды, оның ішінде 6 кредиттік шарт және жалпы сомасы 40,5 млрд. теңгеге ЕҚҚДБ-мен үш алдын ала келісім, ҚР Үкіметінің қатысу үшесі 7,8 млрд. теңгені құрайды. Ірі жобалар арасында - Өскемен және Семей қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту, көше жарықтандыруы жүйелерін орнату және басқалар.

– Аймақтағы жұмыс айтарлықтай және оны жалғастыру қажет, - деді Тимур Сүлейменов. - Сондай-ақ, кредиттеу стратегиясын жұмсартқан, жеке сектормен жұмыс істеуге ниет білдіретін және ҚР ұлттық валютасында қарыз беруге дайын Азия даму банкінің кредиттік ресурстарын да пайдалану қажет.

Ақпарат дереккөзіhttp://yk.kz