• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST "АСЕАН көрмесіндегі көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы" және "Инвестициялық ынтымақтастыққа салынған зор үлес" марапаттарын алды

 

Бүгін "Қытай-АСЕАН" халықаралық көрмесінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы бірден 2 марапатқа ие болды - "Көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы" және "Инвестициялық ынтымақтастыққа салынған зор  үлес". KAZAKH INVEST басқарушы директоры Әділхан Өмірбаевқа марапатты ҚХР Гуанси-Чжуан автономды ауданының (ГЧАА) губернаторы  Чэнь У (ChenWu) өз қолынан табыс етті.

Көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның Ұлттық стендін ең көрнекті ретінде атап, KAZAKH INVEST қазақстандық компанияларды қолдау және Қазақстанның әр түрлі өнімін ұсынатын 20 стендті ұйымдастыру үшін алғыс білдірді.

«Қытай-АСЕАН» халықаралық көрмесі Наньнин қаласында 14-ші рет өткізілуде және әлемдегі ірі салалық көрме болып табылады. KAZAKH INVEST бұл көрмеге алғаш қатысып отырғанын атап кеткен жөн. Қазақстанның әр түрлі компанияларының қатысуының арқасында, Қытайдың және басқа елдердің кәсіпкерлерінде жабдықты өндіру, табиғи қорларды игеру, энергетика және қоршаған ортаны қорғау, заманауи технологиялар, өнеркәсіптік парктер мен қаржылық сервистерге инвестиция жұмсау салаларындағы ынтымақтастық жөнінде байланыстарды реттеп, келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туындады.

- АСЕАН қытайлық серіктестермен байланыстарды реттеу мен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды платформа болып табылады,- деп атап өтті отметил «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Әділхан Өмірбаев. - Біз бірден екі марапатқа ие болуымызды мақтан етеміз және Қазақстанның осы көрмеге қатысуы біздің елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деп сенеміз.

Өз өнімін АСЕАН ұсынған компаниялар: «Рахат» АҚ, «ЦеснаАстық» концерті, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, "Қаржау" шаруа қожалығы, «Абзал и Компания» серіктестігі, «ТК Фарм-Актобе» ЖШС, «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясы, «Бал Текстиль» Компаниясы, ASIA WATERS, «EurasianFoodsCorporation» холдингі, «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС, «Карат» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Нефтехим LTD» Компаниясы» ЖШС, «Аллюр Групп», «Кэмонт» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС, «TENIR-LOGISTIC» ЖШС.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazakh-invest-poluchil-nagradu-luchshiy-organizator-vystavochnogo-pavilona-na-vystavke-asean-i