• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Қытайдың бизнесмендері ЭКСПО алаңында кездеседі

Шаньдун провинциясының халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі Комитеті мен қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігі Келісімге қол қойды. 

 EXPO-2017 алаңында Қытайдың Шаньдун провинциясының апталығы өтуде. Кездесулер кезінде ықтимал бірлескен жобаларды, тауарларды жеткізу және келешектегі ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады дейді Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының корреспонденті. 

Шаньдун апталығының ашылуында Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігі мен Халықаралық сауданы ынталандыру Комитетінің арасында ынтамақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Шаньдун — Қытайдың экономикалық тұрғыдан дамыған шығыс бөлігіндегі провинция. Тұрғындар саны шамамен 100 млн адам. ІЖӨ шамамен 1 трлн долларды құрайды.

«Шаньдун провинциясы "Бір белдеу - бір жол" атты жаһандық бағдарламада маңызды роль атқарады, бұл бағдарлама Қазақстан мен Қытайдың өзара әрекет етуінің жалпы көрінісін білдіреді және қазақстандық "Нұрлы жол" бағдарламасымен байланысады.  

Біздің мемлекеттердің басшылары Қазақстан мен Қытайдың экономикалық өсімі аймақтық сауда мен инфрақұрылымның дамуына байланысты деп санайды. Сондықтан, Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы Айдын Байеділов, Апталықтың ашылу салтанатында: "Бір белдеу - бір жол" атты қытайлық бастама Қазақстанның еуразия құрлығындағы ірі транзиттік торап ретінде қалыптасуы үшін маңызды құрал болып табылады» - деп атап өтті. 

Сонымен қатар, Дунъин қаласы мен Солтүстік - Қазақстан облысы арасында, Линьи қаласы мен Оңтүстік - Қазақстан облысы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

В2В нысанындағы бизнес - кездесулер мен жобалардың презентацияларының негізгі тақырыптары ретінде келешектегі инвестициялық ынтымақтастық, сонымен қатар жаңа кәсіпорындарды құру, тауарларды Қазақстаннан Қытайға жеткізу және керісінше Қытайдан Қазақстанға әкелуді атауға болады.   

Қытай делегациясына провинцияның вице-губернаторы Ся Гэн, Шаньдун провинциясының алты қаласының басшысы,  үкім мүшелері, ірі кәсіпорындардың өкілдері жатады.

Қазақстанды Инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы  Айдын Байеділов, Оңтүстік - Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Бауыржан Жамалов, Солтүстік - Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Даурен Жандарбек, Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев, мемлекеттің бірқатар ірі кәсіпорындарының жетекшілері таныстырады.

"Бір белдеу - бір жол" бағдарламасының шегіндегі "Жібек жолының экономикалық белдеуін" құру бастамасын ҚХР төрағасы  Си Цзиньпин ұсынған және оның 2013 жылы Астана қаласында өткен Қазақстанға алғашқы сапарының шегінде аталған болатын.   «Бір белдеу бір жол» дамушы мемлекеттерді, сонымен қатар "жаңа экономиканы" және дамыған мемлекеттерді біріктіріп, Еуразияның үлкен бөлігін қамтиды. Мегажобаның аумағында ресурстардың бай қорлары шоғырланған, планетаның тұрғындарының 63% өмір сүреді, ал болжамды экономикалық ауқымы -  21 трлн долларды құрайды.

Қазақстандық ынтымақтастық агенттігі, ЭСКПО-2017 көрмесінің қатысушы мемлекеттерімен экономиканың әртүрлі салаларында  өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы бірегей мүмкіндік екенін атауда.   

https://m.kapital.kz/economic/62778/biznesmeny-kazahstana-i-kitaya-vstrechayutsya-na-plocshadke-ekspo.html