• Мобильді үстемені жүктеу

Ұлт жоспары қолданыста

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" іске асыруға арналған брифингке қатысты. 

Алик Айдарбаев атап өткендей, министрлік қазақстандық өнеркәсіпті жаңарту, жаға индустрия, көлік-логистикалық инфрақұрылым құру, елдің транзиттік әлеуетін өсіру, сонымен қатар, құрылыс саласын дамыту бойынша жүйелік жұмыс жүргізуде.     

«Құрылыста "бір терезе" қағидасы және рұқсат беретін құрылыс құжаттарын алудың үш сатылы қағидасы енгізілген. Құжаттарды алу мен эксиздік жоба мерзімдері - 40 және 60 күннен 16-7 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Құрылысқа рұқсаттар беру электрондық нұсқадағы хабарлама берумен алмастырылған. 2020 жылға қарай жобалық-сметалық құжаттама сараптамаларының 90% дейінгі көлемін жеке нарық өткізетін болады», - деді бірінші вице-министр.

Инвестициялар тарту саласында экпорттық тауарлар өндіру мен Қазақстанның әлемдік нарықтарға шығуы үшін қайта өңдеу секторына ТҰК тарту бойынша жұмыс жүргізілуде (55-56 қадамдар). Мысалы, 2015-2016 жж. ТҰК қатысуымен 275 млн. АҚШ долл. сомасына 6 жоба іске асырылды.

«Қазір іске асыру кезеңінде 2,8 млрд. АҚШ долл. сомасына 8 жоба бар. 305 млн. АҚШ долл. сомасына тағы 3 жоба әзірленуде. 56 қадам аясында тірек инвесторларының қатысуымен, жалпы құны шамамен 890 млн. АҚШ долл. құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылуда», - деді Алик Айдарбаев.

2017 жылдың соңына дейін ғылымды қажет ететін экономиканы құру негізі ретінде инновациялық кластерлерді дамыту 63 қадамы бойынша үш Технологияларды дамыту орталықтарын қосу жоспарлануда (Ақылды индустрия бойынша Технологияларды дамыту орталығы, Жаңа материалдар мен аддитив технологиялар бойынша Технологияларды дамыту орталығы және Ақылды технологиялар бойынша орталық (Қалалық технологиялар, Цифрлық өнеркәсіп бойынша инкубатор).  Алматыда ірі IT және инновациялық компаниялар орналастырылатын, дамыған елдердің (ҚХР, Сингапур, АҚШ, Үндістан) табысты тәжірибесіне сүйене отырып, инновациялық өсудің жаңа орны - IT орамын құру жоспарлануда.

«67 қадам бойынша, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2020 жылдың соңына дейін Airbus А320neo отбасының 10 әуе кемесін жеткізу жоспарлануда. 2019 жылы - Боинг 787 екі ұшағы жеткізіледі. 2019 жылы Токио және Сингапурмен, 2020 жылы - Шанхай, Нью-Йоркпен қатынас ашу жоспарлануда», - деп әңгімеледі Алик Айдарбаев.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚР Парламентіне "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің жобасы енгізіледі, мұнда келісім-шарттар жасаудың оңайлатылған әдісін енгізу жоспарлануда.

http://mid.gov.kz/ru/news/plan-nacii-v-deystvii