• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО индустриялық аумақтары бизнесмендерді күтуде

Өндірісті дамыту үшін қарастырылған аумақтарда Шығыс Қазақстанда автомобиль шиналарын қайта өңдеуді ұйымдастыруды және ет комбинатын салуды жоспарлауда.

Өскеменде және Семейде үш индустриялық аумақ құрылды. Бұл аумақтарда өндірісті ұйымдастыруды қалайтындар кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына сәйкес тиімді шарттармен кредит ала алады. Мұнда іске асырылатын жобалар бірлесіп қаржыландыру тұрғысынан артықшылықты болып табылады. Одан басқа, облыс орталығындағы Машиностроителей көшесіндегі индустриялық аумақта өндіріс толық қуаттылығына шыққанға дейін жер ақысыз негізде ұсынылады. Аумақтар барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Өңір басшысы Даниал Ахметов алдымен индустриялық аумақтарда қандай жобаларды іске асыру тұспалануын анықтау, содан кейін жетіспейтін желілерді жүргізу қажеттілігін атап өткенін еске салған жөн.

Қазір индустриялық аумақтарда үш жоба қызмет етуде. 40 жұмыс орны құрылды. Өндіріс көлемі 60 миллион теңгені құрады. Тағы екі жобаны іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпкерлерді күтіп тұрған бос аумақтар бар.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі