• Мобильді үстемені жүктеу

Күзет агенттігі 1 млрд. теңгеден артық соманы мектептердің қауіпсіздігіне бөледі

Жеке күзет агенттігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 1 млрд 36 млн теңгені алматылық мектептердің қауіпсіздігіне бөлуге әзір. Кәсіпорын 227 орта оқу орындарын арнайы жабдықпен қамтамасыз етеді, бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ ұйымда бұл идеяны іске асыру тұжырымдамасы әзірленгенін және қалалық әкімдікте қарауда екенін атап айту қажет.

«Бұл жоба – мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің үздік мысалы. Әкімдік пен күзет агенттігі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шартты жасайды. Жеке әріптес кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысты алады, ал жергілікті билік қымбат тұратын жабдыққа бюджеттік миллиондаған ақшаны үнемдейді. Бұл жобада барлығы жеңеді. Бастысы – біздің балаларымыз. Әрбір ата-анаға мектепте оның баласы қауіпсіздікте екендігін білу маңызды», - Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Қайрат Қасенов мәлімдейді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тағы бір мысалы – мектептік спорт алаңдары. Әкімдік 3 жобаны мақұлдады, тағы 4 жоба – қарауда. Кәсіпкерлер мектеп жанындағы аумақты жөндеуге және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге әзір. Жаңа футбол алаңдары, жасанды төсемдер, жарықтандыру, велосипед және жарыс жолдары, спорттық мүкәммал пайда болады. Оқу кезеңінде осы жерде оқушылар айналысатын болады. Оқудан тыс уақытта – кәсіпкерлер жеке клиенттерді тарта алатын болады. Ал жарыс және велосипед жолдарымен барлық тілек білдірушілер пайдалана алады.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы әдетте бастапқы капиталы шамалы кәсіпкерлерді қызықтырады. Мемлекет әлеуметтік бағыты бар жобаларға жер телімін, үй-жайды және де қаржы ресурстарын беруі мүмкін. Ал Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайтуда көмек көрсетуге әрқашан дайын. Мысалы, мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін әкімдік бірнеше ғимаратты бөлді. МЖӘ бойынша ашылған барлық балабақшалар қазіргі уақытта табысты қызмет етуде», - сарапшы Қайрат Қасенов атап айтты.

«Программа государственно-частного партнерства, как правило, интересует тех, у кого небольшой стартовый капитал. Государство может предоставить земельный участок, помещение и даже финансовые ресурсы для проектов, имеющих социальную направленность. А Палата предпринимателей всегда готова оказать помощь в снижении административных барьеров. Например, для открытия дошкольных учреждений акимат выделил несколько зданий. Все открытые по ГЧП детские сады сейчас успешно работают», — отметил эксперт Кайрат Касенов.