• Мобильді үстемені жүктеу

Өңір басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы жөнінде кеңес өткізді

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Европалық қайта құру және даму банкі арқылы, концессиялық келісімдер аясында жүзеге асыруға жоспарланған  инвестициялық жобалардың орындалу барысы жөнінде арнайы кеңес өткізді.

Кеңестің қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына дайындалған жобаларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдары тарапынан жалпы құны 43 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба бойынша Несиелік келісім-шарттар мен Алдын-ала келісімдер жасалған.

Қаржылық даму институтынан тартылған қаражаттың аясында Өскемен мен Семей қалаларының сумен қамту және кәріз жүйелерін, жылу жүйелерін, көшелерді жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар өңірдің екі ірі қаласында қоғамдық көлікті жаңғырту бойынша жобалар орындалмақ.

Ағымдағы жылы Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір құрылысын жүргізу, өңірдің қалалары мен аудан орталықтарында жарықпен қамтамасыз ету жүйелерін және Зырян қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту үшін алдын-ала келісімдер жасалады деп күтілуде. Барлық жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрамақ.

Жалпы, ЕҚҚДБ Шығыс Қазақстан облысының құны 250 млрд теңге болатын 135 жобасын қарастыруда.