• Мобильді үстемені жүктеу

Аймақ басшысы «Altay Invest 2016» инвестициялық форумына дайындық бойынша кеңес өткізді

Форум Өскемен қаласында 20-21 қазан күндері өтіп, өнеркәсіп, энергетика, туризм, агроөнеркәсіп кешені сияқты салаларды қамтиды.

Биылғы жылы аймақ басшылығы инвестициялық форумның бағытын кеңейту бойынша шешім қабылдады. 2015 жылы форум аграрлық салаға ғана арналған болатын. «Altay Invest 2016» форумы аясында 84 жоба ұсынылатын болады. Оның 41- агроөнеркәсіп кешені, 8- өнеркәсіп, 3- энергетика және 10 жоба туристік сала бойынша болады. Сонымен қатар инвесторларға 22 жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында  ұсынылады. 10 мемлекеттің инвесторлары келеді деп жоспарланып отыр.

Бүгін тиісті басқарма басшылары жауапты салалары бойынша жобалар дайындығы жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовты ақпараттандырды.

Кеңес қорытындысы бойынша аймақ басшысы «Altay Invest 2016» форумын жоғары деңгейде өткізіпі, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берді.