• Мобильді үстемені жүктеу

География

Риддер қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан, 50 градус солтүстікендікжәне 83 градус шығыс бойлық, теңіз деңгейінен биіктігі                                                     811 м.географиялық координаттары бар.

Лениногор ойысында таулы, орманды дала ландшафты дамыған: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және биік бойлы шөп түрлері.Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді. Өңірде жақсы дамыған өзендер желісі, көп таяз су ағындары мен бастаулар бар. Барлық өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Риддер қаласының сумен жабдықтау көзі таулы қазаншұңқырда орналасқан Кіші Үлбі су қоймасы болып табылады. Айдын алаңы – 3,7 км2, көлемі – 84 млн.м3.  Өңір аумағында емдік мақсатында пайдалануға болатын суық родон сулары анықталды.

recreation_center independence square

Климаты  шұғыл континенталды, сипатты белгілері – қысы ұзақ, суық, жазы шамалы салқын, ауа температурасы көп жылдық және тәуліктік ауытқу.Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың перспективалы кен орындары бар, су және орман ресурстарымен, құрылыс материалдарын өндіру ресурстарымен қамтамасыз етілген.         

 Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. 

Тарих

Риддер қаласы1786 жылы кент ретінде қаланды және кен орындарын бірінші ашқан тау инженері Филипп Риддердің есімімен осылай аталған. Риддер қаласының тарихы 17 ғасырдың соңында ашылған, полиметалл кен орындарын пайдаланумен байланысты.

Кеңес өкіметінің орнатуына дейін  риддер кен орындары ағылшын кәсіпкер Уркартқа тиесіл болған, ол өндіруді тез ұйымдастырды,шағын электр станциясы,байыту фабрикасы құрылған және Өскеменге дейін  темір жол салынған. 1918 жылғы мамыр айындаРиддеркәсіпорындарының мемлекеттік иелігі және олардың кеңес өкіметінеберілуі туралы декретке қол қойылды. 20-шы жылдарыРиддер және басқа да кен орындарының үнемі пайдалануы басталды.1923 жылы тәжірибелі электролит зауыты мырыш беруге бастайды.Алғашқы бесжылдық  жылдары Риддер еліміздегі түрлі-түсті металдар негізгі жеткізушілерінің бірі болды.Ұлы Отан соғысынанкейін тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілер, көше-жол желісі және басқа инженерлік желілер менкоммуникациялардың жаппай құрылысы басталды. Қазіргі таңда Риддер қаласы – Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік өңірі.Аймақ экономикасының негізі тау-кен өндіру өнеркәсібі, металлургия және машина жасау саласы болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада қалада жоғары экономикалық әлеуеті бар.

Аумағы

3,4 мың шаршы км (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 1,2%)

Шекаралар

Риддер қаласының әкімшілік аумағыРесей Федерациясының Алтай Республикасымен шекараласады. Риддер қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін арақашықтық 62 км. 2006 жылы «Риддер- Алтай Республикасымен шекарасы» автомобиль жолының қазақстандық учаскесініңқұрылысы аяқталды.

Ұзындығы 242 км ресейлік жол учаскесінің құрылыс мәселесі шешу сатысында.«Риддер – Алтай Республикасы» автомобиль жолының пайдалануға енгізілуі аймақ үшін инвестициялар салу үшін перспективалы бағыттарын қалыптастыруменсыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуғакең мүмкіндіктерді ашады.

Риддер қаласынан қашықтық:

Өскеменге – 135 км,
Семейге –339 км,
Алматыға – 1236 км,
Астанаға – 1150 км.

Халқы

Риддер қаласының халқы  58 057 адамды құрайды.

Инфраструктура

Риддер қаласында 15 жалпыбілім беру мектебі, 2 колледж, 15 мектепке дейінгі балалар мекемесі,  3 қосымша білім ұйымы бар.

Риддерде пошта байланыс торабы жұмыс істейді, ол орталық операциялық учаскесін, 5 қалалық почта байланыс бөлімшелерін, пошта байланысының 2 пунктін және Риддер қ.  жанындағы халыққа қызмет көрсету орталығының төлем қабылдау пунктін қамтиды.

Өндіріс

Риддер өңірінің дамытудың басым бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі мен ілеспе металлургия және машина жасауболып табылады.

 «Казцинк» ЖШС қала құраушы кәсіпорындары және оның еншілес кәсіпорындары қалалық бюджетті қалыптастырудың негізгі жұмыс беруші және көзі болып келеді.

Оның құрылымында 7,7 мың адам, немесе  32 мың экономикалық белсенді халық24% еңбек етуде.
Өнеркәсіптік әлеуетті арықарай арттыру мақсатында аймақ қала қалыптастырушы кәсіпорыны және оның құрылымдық бөлімшелерімен, тау-кен базасынкеңейту,металлургия және машина жасау өндірісінжаңғырту қарастырылған.

Экономика құрылымындаөнеркәсіпөндірісі- 74,5%құрайды,ауылшаруашылығы - 1,2%, құрылыс–7,8%, қызметкөрсетусаласы - 16,5%.

Өнеркәсіптің негізгі салалары:
-тау-кен өндіру (үлес салмағы 1,6%), жұмыспен қамтылған 3439 адам немесе жалпы жұмыс істейтінсанынан21,8 %;
- металлургия (үлес салмағы 68,4%), жұмыспен қамтылған 963 адам немесе жалпы жұмыс істейтін санынан 6,1%;

- машина жасау (үлес салмағы 12%), жұмыспен қамтылған 2126 адам немесе жалпы жұмыс істейтін санынан 13,5%;

-электрмен қамтамасыз ету (үлес салмағы 6,4%), жұмыспен қамтылған 775 адам немесе жалпы жұмыс істейтін санынан 4,8%;

- сумен жабдықтау және су бұру (үлес салмағы 0,6%), бос емес-191 адам немесе жалпы жұмыс істейтін санынан 1,2%;

- басқа – (үлес салмағы 11%), жұмыспен қамтылған 8240 адам, немесе 52,6%.

Тау-кен өндіру саласы құрамына үш кеніш және байыту фабрикасы кіретін Риддер тау-кен байыту кешені «Казцинк» ЖШС ұсынылған. Риддер кен-байыту кешені полиметалл рудаларын өндіру және қайта өңдеуде маманданған.

Металлургия кешені металл мырышын, кадмий, күкірт қышқылын, рольдік қорғасын өндірумен «Казцинк» ЖШС Риддер металлургия кешенімен ұсынылған.

Машина жасау саласын «Казцинкмаш» ЖШС, «Казцинк-Ремсервис» ЖШС РМК, «Казцинк-Ремсервис» ЖШС РТБК, «Востокмонтаж» ЖШС, «Аил» ЖШС жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу және  ауаны баптау «Риддер ТЭЦ» АҚ, «Л-ТВК» ЖШС,«ЛК ГЭС»ЖШС, «ВК РЭК» АҚжүзеге асырады.

Сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін «ЛК ГЭС»ЖШС, «Л-ТВК» ЖШС және «Водоканал» ШЖҚ КМК жүзеге асырады.

Жер ресурстары

Айналымдағыауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіңжалпы ауданы 13835 га құрайды, өнеркәсіптік мақсаттағы жерлердің жалпы аумағы - 3442 га, мемлекеттік резервте орналасқанжер алаңы 17366 га құрайды.

Еңбек ресурстары

2017 жылғы 09 қыркүйекте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде 336 жұмыссыз тұр. Еңбек нарығында 253 бос жұмыс орындары мәлімделген үміткерлердің жұмыс берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі мен оларды толтыру қиын.

Жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар шеңберінде 254 жаңа жұмыс орындары құрылды, 27 адам жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, 36 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды, 53 адам оқыту және қайта даярлауға жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 188 жұмыссыз тартылды.

Жұмысқа орналастыру деңгейі жалпы санынан 66,2% құрады.

Кадрлар әлеуеті

Риддер аграрлық-техникалық колледжі (күндізгі және сырттай оқыту нысандары) – 990 оқушы, оның ішінде:

Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы – 303;

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану – 16;

Пайдалы қазба кенорындарын жерасты әзірлеу – 156;

Пайдалы қазбаларды байыту – 127;

Есеп және аудит – 63;

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – 76;

Тау-кен электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу– 90;

Түсті металдар металлургиясы – 121;

Электр және электромеханикалық жабдықтарға техникалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету– 38.

 

КММ «Риддер көпсалалы колледжі» - 376 оқушы, оның ішінде:

Автомобиль кранының машинисі – 50;

Бульдозер машинисі – 22;

Аспаз – 54;

Плитамен қаптаушы – 23;

Жөндеу жөніндегі электрмонтері және электржабдықтарына қызмет көрсету - 74;

Дәнекерлеуші – 64;

Токарь – 22;

Кондитер – 40;

Техник-механик – 14;

Тас қалаушы – 13.

Инвестициялық әлеует

2017 жылы Ридде өңірінде жүзеге асырылуда инвестициялық жоба "Қазмырыш" ЖШС- "Ашу, доразедка және пысықтау Долинного" кен орнына енгізілген арналған кәсіпкерлікті дамыту карталарын 2017-2021 жылдарға арналған, сондай-ақ 23 жоба шағын және орта бизнеске бағытталған объектілерін жаңғырту және жаңа нысандарын құрылуын дамытуға, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы сүт-тауар фермаларын құруын дамытуға бағытталған шағын және орта бизнес жобалары.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Газет тілшісі, курьер, жеке көмекші, дүкенде сатушы немесе өнімнің демонстратры, аула сыпырушы, музыкалық жетекші, психолог, персоналдың инспекторы, зертханашы, сарапшы-бағалаушы, қауіпсіздік жүйелеріне арналған көшпелі инженер, маркетолог,  дүкен әкімшісі, сату бойынша менеджер, интернет-менеджер, басшының көмекшісі, үйдегі оператор, PR-маманы, ақпараттық менеджер бухгалтер , SHAK ЖК әкімшісі.

Туристік әлеует

Өңірде 7 демалыс базалары, 2 тау шаңғылық базалары, 3 туристік бағыттағы қоғамдық ұйымдар,  9 қонақ үйлер бар.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі  

Орналасқан мекен-жайы: Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 9.

Табиғат қорғау аумағы 54 533 га құрайды.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі ғылым Комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Орналасқан мекен-жайы: Риддер қаласы, Ермаков көшесі, 1.

Табиғат қорғау аумағы 154 га құрайды.