• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығы келесі аспектілермен сипатталады:

1. Жер қорлары: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 10,3 млн.га, оның ішінде егіндік - 1,4 млн.га, жайылым - 8,4 млн.га, шабындық – 441 мың га. - Қор жерлері – 10,6 млн.га, оның ішінде 8,9 млн.га – ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер.

2. Суарылатын жерлер аудандарын кеңейту және суарылатын егіншілікті дамыту: Шығыс Қазақстанның суарылатын егіншілік үшін үлкен жер (200,7 мың гектардан артық) және су қорлары бар, олардың ішінде мемлекеттік жер қорында 66,7 мың га (33%).

3. Мал шаруашылығында инвестиция салу үшін болашағы бар бағыттар:

- сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту;

- етті құс шаруашылығын дамыту;

- ет өңдеу кешендерін салу;

- марал өсіру және омарташылықты дамыту.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты – мал шаруашылығы, оның үлесіне жалпы өнімнің бүкіл көлемінің 60% артық бөлігі келеді. Бүгінгі күні шаруашылықтардың барлық санаттарында МІҚМ 1044,9 мың басы, 3,7 млн. қой және ешкі, 74,1 мың шошқа, 347,3 мың жылқы, 4,4 млн. құс, 9,6 мыңнан артық марал және бұғы, сонымен қатар, 77,4 мың ара отбасы саналады. Облыс бірегей ауыл шаруашылық қорларына ие, ал географиялық орналасуы жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.