• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Аймақтың экономикасында сала жетекші орын алады. 2016 жылы өңдеу өнеркәсіп көлеміндегі меншікті салмақ 74,7% құрайды (өнімнің негізгі үлесі экспортқа жіберіледі). Металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі соңғы бес жыл ішінде 1,5 есе ұлғайды. Осы саланың жетекші кәсіпорындарына «Казцинк» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жатады. Саланың кәсіпорындары негізгі асыл және түрлі-түсті металлдар шығарады: қорғасын, мырыш, мыс, тазартылған алтын және күміс, сондай-ақ титан, магний, тантал, АЭС отыны.

«Казцинк» ЖШС.
Қызметінің негізгі түрі: пайдалы қазбаларды өндіру, байыту және қайта өңдеу, түрлі-түсті және бағалы металдарды өндіру және өткізу, электр энергиясын шығару.
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: металл мырыш, тазартылған қорғасын, тазартылған алтын, тазартылған күміс, катодты мыс, кадмий, күкірт қышқылы.
Өнімді өткізу нарығы: Қазақстан Республикасы, Ресей, Украина, Швейцария, Ұлыбритания, Қытай, Таяу және Қиыр Шығыс елдері.

«ҮМЗ» АҚ.
Қызметінің негізгі түрі: құрамында бериллий, тантал, ниобий бар шикізатты қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау; атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды/қызметтерді орындау/көрсету; металл бериллий мен оның қосылыстарын, металл тантал мен ниобийді және олардың қосылыстарын алу, өндіру, өткізу.
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: Уран өнімі (ХКПУ, диоксид ұнтағы, таблеткалар), тантал, ниобий өнімі (тантал мен ниобий кесектері, илемдері, ұнтағы), бериллий өнімі (металл бериллий, лигатура, қола, бериллий мен металл бериллий тотығынан дайындалған өнімдер).
Өнімді өткізу нарығы: Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция, Австрия.

«ӨТМК» АҚ
Қызметінің негізгі түрі: түрлі-түсті металдарды және олардың қоспаларын өндіру және өткізу.
Шығарылатын өнімнің номенклатурасы: титан кесектері мен қоспалары; кеуекті титан; тауарлық магний; ванадий пентаоксиді.
Комбинаттың өнімі авиағарыштық саланың барлық ірі өндірушілерімен сертификатталды және индустриалдық дамыған елдерге экспортқа жеткізіледі.

Жоғары қосылған құны бар жаңа металлургия өнімін шығару мақсатында кәсіпорындар жаңа өндірістер ашып жатыр:

  • «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 2016 жылғы 6 желтоқсанда Индустриалдандыру күнін жүргізу барысында жылу шығаратын құрастырмалар өндіру зауытын – АЭС отынын дайындайтын толық циклі бар вертикаль-біріктірілген компания құруға бағытталған «Казатомпром» ҰАК» АҚ стратегиясы айсында жедел жобалардың бірін салуды бастады. Жылу шығаратын құрастырмалар өндірісін іске қосу 2020 жылға жоспарланып отыр. Инвестициялар сомасы 48 миллиард теңгеден асады.
  • KAZ Minerals тобы «Ақтоғай ТКБК салу»» жобасын жүзеге асырады. Жобалық қуатқа шыққанда Аягөз ауданында 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Өнімділігі – жылына 25 млн. тонна кен шығару. Алғашқы 10 жылда өндіріс көлемі сульфатты кеннен катодты эквивалентте 90 мың тонна мыс және тотыққан кеннен 15 мың тонна катодты мыс құрады.