• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Шығыс Қазақстан облысында машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорындар «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС, «МАШЗАВОД» ЖШС және т.б. болып табылады.

«Өскемен арматура зауыты» АҚ 40 жылдан астам уақыт бойы ТМД мемлекеттерінің мұнай-газ объектілерінде, сондай-ақ алыс шет елдерде кеңінен қолданылатын құбыр арматурасы мен мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын жобалайды, әзірлейді, өндіреді және жеткізуді жүзеге асырады.

«КЭМОНТ» АҚ - Қазақстан Республикасы мен Орта Азия аумағында 0,4 кВ-тан 220 кВ-қа дейінгі кернеу класындағы электротехникалық жабдықтардың ірі өндірушісі болып табылады. «КЭМОНТ» АҚ дайындайтын электротехникалық жабдық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында: металлургия, атом, химия, тау-кен өндірісі, мұнай және газ, өнеркәсіптік энергетика және энергия жүйелері объектілерінде, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілерде қолданылады.

«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС 62 жыл бойы машина жасау, металлургия, энергетика, мұнай-газ, теміржол сияқты өнеркәсіп салаларының электр желілеріндегі реактивті қуаттың орнын толтыру үшін конденсатор жабдықтарын әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. 5 жыл ішінде өндіріс көлемі екі есе өсті, оның ішінде жаңа, қымбат өнім шығару есебінен.

«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ құбыр арматурасы мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын өндіру бойынша Қазақстанның ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт өнімін қолдану саласы мұнай-газ өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары, магистральдық мұнай және газ құбырлары, айдау станциялары мен резервуарлық парктердің технологиялық схемалары, энергетикалық кешен, сумен жабдықтау және т.б. болып табылады.

1996 жылы негізі қаланған «Силумин-Восток» ЖШС өнеркәсіптік автоматтандыру, электрмен жабдықтау, жобаны кешенді әзірлеу және өнеркәсіптің түрлі секторлары үшін жабдықтарды жеткізу өндірісі саласында Қазақстанда көшбасшы орынға ие. Кәсіпорын электр қалқан, сорғы, өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын, бекіту арматурасын және блокты-модульдік ғимараттарды шығарады.