• Мобильді үстемені жүктеу

Маңызды салалар

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 2153,2 мың га, оның ішінде 124,5 миллион текше метр сүрек қоры бар орманмен жабылған 1283,9 мың га. Жалпы орташа өсім жылына 1,9 миллион текше метрді құрайды.

Облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты орман шаруашылығының 13 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) аумағында өсетін ормандардың тұқымдық құрамында самырсын – орманның жалпы алаңның 30%, қайың – 18,4%, көктерек - 16,3% құрайды. Сағызқарағай, шырша, балқарағай, терек екпелері аз таралған. Орман алқаптарының 1,6% әртүрлі тұқымды бұталар алып жатыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу, өнеркәсіптік ағаш дайындау облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты орман шаруашылығының 13 КММ ормандарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Орман шаруашылығы КММ бойынша басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесудің жыл сайынғы ықтимал көлемі 987,51 мың текше метрді құрайды, оның ішінде қылқан жапырақты шаруашылық бойынша 172,14 мың текше метр және жапырақты шаруашылық бойынша 815,37 мың текше метр. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жапырақты ағаштардың төмен сұрыпты сүрегін қайта өңдеу өндірісінің болмауына байланысты басты пайдалану бойынша дайындама көлемі орта есеппен 64 мың текше метрден аспайды.

Орман орналастыру ұсынған ағаш кесудің барлық түрлері бойынша жыл сайынғы жалпы көлемі 1,5 миллион текше метрден асады.

Ағаш кесудің барлық түрлері бойынша нақты сүрек дайындау, соңғы 5 жылда 225 мың текше метрден аспайды, жиналған сүректің басым бөлігі жалпы көлемнің шамамен 70%-ын отын сүрегі құрайды. Осылайша, шамамен 1,3 миллион текше метр талап етілмеген болып қалады.

Қазіргі уақытта шикізат әлеуетінде орман өңдеу өндірістерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мүмкін болатын 26 перспективалы орманшылықтың 14-і басты пайдаланудағы ағаш кесу бойынша сүрек дайындаудың жыл сайынғы көлемі 554,9 мың текше метр  болатын сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілді.

12 орман шаруашылығы басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу бойынша сүрек дайындаудың жалпы жылдық көлемі 305 мың текше метр болатын тендерге шығарылуы мүмкін.

Осылайша, ШҚО сүрек өңдеу өндірістерін дамыту үшін жақсы ресурстық әлеуетке ие.